Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды

456

Компанияда түсіндіргендей, бас директордың міндеттері келесі шешімдер қабылданғанға дейін "Атырау МӨЗ" ЖШС бас директорының орынбасары - техникалық директоры Олег Александрович Лызловқа жүктеледі.  

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ комиссия жұмысының қорытындысы бойынша "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен бас директордың орынбасары - бас инженер А.Шошанбасовты қызметінен босату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Зауыт әдеттегідей мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға жаңа бас директор тағайындалғаны туралы хабарланған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу