Атырау мұнай өңдеу зауытының тоғанынан өлі балықтар табылды

1783

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау мұнай өңдеу зауытының тоғанынан өлі балықтар табылды Фото: sputniknews.kz

Жайық өзенінен өлі балықтар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өлі балықтар Жайық өзеніндегі Атырау мұнай өңдеу зауытының тоғанынан табылған. Бұл оқиғаны Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы растады. Әлеуметтік желіде тараған видео жазбалардан белгілі болғандай, мұз астынан өлі балықтар шығып қалған.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алайда аталған аумақтан су сынамасы күнде алынады екен. Оған химиялық талдауды үш мекеме жүргізеді. 19 желтоқсанға дейін зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы шамадан аспаған.

Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсан айының басында Атырау қаласының сыртындағы Перетаск шағын өзенінде балықтардың жаппай қырылу оқиғасы тіркелген еді. Арада апта өтпей Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылғаны анықталған. Айта кетейік, Атырауда Жайық өзенін балық өлекселерінен тазарту шаралары қолға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу