Қазіргі уақытта зауыт штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің баспасөз қызметі болған ақауды растап, салдарын жою бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
– Зауыттың №33 резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компоненттерін айдау желісінде ағып кету фактісі анықталды. Жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдады. Қазір зауыттың жауапты қызметкерлері ақаудың салдарын жою жұмыстарын жүргізуді қолға алды, – делінген хабарламада.
Мамандар зауыт желісіндегі ақау мұнай өнімін жөнелту көлеміне әсер етпейтінін айтады. Сондай-ақ, зауыт қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Осыған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан будың будақтап көтеріліп жатқаны отандық БАҚ-та жазылған еді.