Атырау мұнай зауытындағы өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды

338

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті ҚР ҚК 292-бабы – "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады.  

Атырау мұнай зауытындағы өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды Фото: azh.kz

25 тамызда өрт механикалық тазарту құрылысының жабық типтегі тұндырғышында шыққан. Оқиға кезінде нысанда жұмыс жүргізілмеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"112" пультіне хабарлама сағат 12:55-те түскен. Нысанның ерекшелігіне байланысты ТЖМ күштері жоғары деңгейлі шақыру бойынша жұмылдырылды.

Тілсіз жауды сөндіруге 65 адам, 19 техника, сондай-ақ "Семсер өрт сөндіруші", АТМА әуежайы және NCOC компаниясының ПСС қызметкерлері қатысқан. Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, кейін толық жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, АМӨЗ-дегі өртке байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 292-бабы ("Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") бойынша тергеліп жатыр.

Басқа мәліметтер жарияланбайды, себебі ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері құпия сақталады. Бұл бап тергеу барысындағы ақпаратты жария етуге тыйым салады.

АМӨЗ аумағында болған өрттің себептерін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу