Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын комиссия тексереді

557

"ҚазМұнайГаз" компаниясының комиссиясы әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын туралы ақпаратты жан-жақты зерттейді.  

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын комиссия тексереді Фото: kmg.kz

Арнайы мамандар Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік, қаржы және құқықтық қызметіне толық тексеру жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін кәсіпорында өндіріс мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Жиында зауыттың жұмыс істеп тұрғаны және мұнай өнімдерін штаттық режимде жөнелтіп жатқаны атап өтілді. Компания тарапынан Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістегі қызметкерлері үшін тиісті жағдай жасау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Арнайы комиссия қалыптасқан жағдайды объективті түрде қарастырады. Кәсіпорын ұжымының бүгінгі таңдағы басты талабы - үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету және жөнелту қарқынын сақтап қалу", - деді Атырау қаласына арнайы барған ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев.

Сонымен қатар кеше ҚМГ өкілдері зауытты толық аралап шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу