Атырау облысының бас салықшысы парамен ұсталды

914

Департамент басшысы бірнеше рет ірі көлемде пара алған.

Атырау облысының бас салықшысы парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының үстінен сотқа дейінгі тергеу бастады. Мемлекеттік қызметкер жемқорлық қылмысқа барды деген күдікке ілініп отыр. 

"Ол жүйелі түрде пара алып келген деген күдікке ілінді. Бірінші жағдайда қарамағындағы адамнан қызметте қамқорлық жасағаны үшін 10 мың доллар талап етіп, соның 3 мың долларын алған. Екінші жағдайда жеке кәсіпкердің кәсібін салық бойынша тексеру жүргізбестен тоқтату үшін 490 мың теңге алған", – делінген агенттіктің ресми ақпаратында. 

Қазір департамент басшысы сот санкциясымен қамауға алынды. Оған қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу