Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы болып Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев тағайындалды. Басқарма ұжымына жаңа басшыны Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев таныстырды, деп жазады atpress.kz.
Жұмабай Қарағаев 1971 жылы дүниеге келген. М.Губкин атындағы мұнай және газ академиясын бітірген. Облыстық ауыл шаруашылығы, мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Нұрлан Ноғаев салалық басқарманың жаңа басшысына үлкен сенім білдіріп, тың міндеттер жүктеді.
Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысы болып Қайрат Талапұлы Нұртаев тағайындалды.
Қайрат Нұртаев 1980 жылы туған. Атырау мұнай және газ институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. 2010 жылдан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында басшының орынбасары қызметін атқарып келді.
Облыс басшысы салалық басқарманың жаңа басшысына зор сенім білдіретінін айтып, нақты тапсырмалар берді.