Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов өңірдің сот корпусына жаңа төраға Мұхтар Парменовты таныстырды.
Мұхтар Парменов 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. 1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1991-1993 жылдары Шу көлік прокурорының аға көмекшісі болып бастаған.
1993-1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша кеңесшісі, 1994-1996 жылдары Шымкент қаласындағы Еңбекші халық сотының халық судьясы болған.
1996-1997 жылдары Шымкент қалалық сотының судьясы, 1997-1998 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші сотының судьясы, 1998-2005 жылдары Шымкент қалалық сотының судьясы болып жұмыс істеген.
Бұдан соң 2005-2009 жылдары Түркістан қалалық сотының судьясы, 2009-2010 жылдары Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы, 2010-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының, Шымкент қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.
2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымын атқарып келген.