Атырау облысы әкімдігі Нұрлан Таубаевтың қамалғанына қатысты пікір білдірді

930

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес агенттігінен ресми ескерту келген жоқ.  

Атырау облысы әкімдігі Нұрлан Таубаевтың қамалғанына қатысты пікір білдірді

Атырау облысының әкімдігі әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың қамауға алынғанына қатысты ақпаратқа осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады Atameken Business.  

Баспасөз хатшысы Ержан Төлектің айтуынша, Таубаев іссапармен Түркістан облысына кетуі тиіс болыпты. Бірақ оны 10-қыркүйекте кешкісін үйіне келген Ұлттық бюро қызметкерлері ұстап әкеткен. Жергілікті "Жайық" басылысының хабарлауынша, Нұрлан Таубаевпен бірге облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров та тұтқындалған. Таралған ақпаратқа сүйенсек, олар 182 млн теңге пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі әзірге ешқандай ақпарат бермей отыр. Алайда, ұсталғанын жоққа да шығармады. Айта кетсек, былтыр енгізілген заң бойынша енді орынбасарының қылмысы дәлелденсе, онда облыс әкімі Махамбет Досмухамбетов өз еркімен отставкаға кетуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу