Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысы 2 айға қамалды

571

10 қыркүйекте Н.Таубаев пен Т.Басаров 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.  

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысы 2 айға қамалды

Атырауда сот аймақ әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысын екі айға тұтқындау туралы шешімді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровты 2 ай қамауға алу туралы шешімді мақұлдады. Олар тергеу изоляторына қамалды.

"Қылмыстық іс ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, оларға 80 еселенген пара мөлшерінде айыппұл салынады немесе мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады" деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Галиев ҚазАқпарат тілшісіне.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу