Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова екі ай мерзімге уақытша оқшаулағышқа қамауға алынды. Бұл ақпаратты облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетсек, Н. Сайлауова 5 млн-нан теңгеден астам пара алды деп күдіктелуде. Тергеу нұсқасы бойынша, пара облыс әкімінің орынбасарына бес мектеп-интернаттың асханасына жиһаз жеткізуге келісімшарт жасау үшін берілген.
Еске сала кетсек, Атырауда облыстық білім басқармасының басшысы мен оның сыбайластары ұсталды. Қазір облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев пен оның орынбасары Роза Қабдолова, сондай-ақ Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бас есепшісі Назымгүл Мәжітова қамауда отыр.