Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі,
Кеше облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетұлы өңір активіне жаңа орынбасары Ержан Әбілхановты таныстырды. Атап өтілгендей, ол Президенттік жастар кадр резервіне енген.
Ержан Әбілханов 1984 жылы туған. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты. Малайзия технологиялық университетінде білім алған. Аталған тағайындауға дейін ҚР Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры лауазымын атқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу