Атырау облысы: Бес адамға оқ тиіп, біреуі қайтыс болды

2231

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Атырау облысы: Бес адамға оқ тиіп, біреуі қайтыс болды

Атырау облысының Сағыз ауылында (Батыс Қазақстан) төбелес кезінде бес адам оқ жарақатын алып, біреуі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 331 шақырымында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында төбелес болып, 5 адам оқ жарақатын алды, бірінің қолы сынған. Салдарынан алған жарақаттарынан 1985 жылы туған азамат Сағыз ауылындағы амбулаторияда қайтыс болды", – деп жазылған полиция хабарламасында.
      
Оқиғаға ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушілік себеп болған деген болжам бар.

Қазіргі уақытта іс бойынша Атырау облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмылдырылып, ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу