Ерлан Талғатбекұлы 1983 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген. Түркияның Селжук университетін "тарих" мамандығымен бітірген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогика университетінен тарих магистрі, Еуразия ұлттық университетінен педагогика және психология мамандығы бойынша PhD докторанты атанған. АҚШ-та Mindsteps TM және ASCD, Ұлыбританияның North London Grammar School-да, Астана, Алматы қалаларындағы білім беру орталықтарында тағылымдамадан өткен.
Биылғы жылдың мамыр айынан бері Білім және ғылым министрлігі "Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары қызметінде болды.
"Ы.Алтынсарин" атындағы төсбелгі иегері.