Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінде, облыстағы 2 қала және 137 ауылдық елді мекенде газ бар. Яғни, халықтың басым бөлігі көгілдір отынға қол жеткізді. Қараша айында Қызыл үй және Жасқайрат ауылдарына газ желісі тартылып, 102 шақырым газ құбыры жүргізілді. Нәтижесінде 300-ге жуық тұрғын табиғи газбен қамтылды. Қазір, 6 ауылда газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба қуаты 50 мың текше метр болатын "Финская" АГТС арқылы жүзеге асырылуда. Кәсіпорын 1994 жылы салынған", – деді облыс әкімі.
Бүгінде, ұзындығы 46,8 шақырым болатын магистралды газ құбырының құрылысы және жаңа газ тарату стансасы салынады.
Өз кезегінде, бұл 160 мыңнан астам адамды құрайтын қала мен қала маңындағы кенттердің тұрғындарын тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік береді.