Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі суға батып кетті

911

Ринат Жанқылыш Махамбет ауданының әкімі лауазымына 2021 жылғы ақпан айында тағайындалған еді.

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі суға батып кетті

Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ринат Жанқылыштың суға батқаны туралы хабар Махамбет ауданының ТЖД кезекші бөліміне 31 шілде күні сағат 22:38-де келген. 

Құтқарушылар түскен хабар бойынша, оны Жайық өзенінің Ортақшыл ауылынан өтетін тұсынан іздестіріп жатыр.

Ринат Жанқылыш Махамбет ауданының әкімі лауазымына 2021 жылғы ақпан айында тағайындалған еді.

1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде заңгер, экономист және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастаған.

2006-2018 жылдары бірнеше жеке кәсіпорында басшылық еткен.

Ал 2018-2019 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы, 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу