Атырау облысы: Ноғайтының суы көпірге дейін көтерілді

1245

Оған толассыз жауған жауын себеп болған.

Атырау облысы: Ноғайтының суы көпірге дейін көтерілді

Атырау облысында жауын мен қардың еруіне байланысты Қызылқоға ауданы аумағындағы көпір мен кейбір елдімекендердегі үйлерді су басып қалу қаупі туындады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Атап айтқанда, Миялы, Сағыз, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Жамбыл, Қызылқоға ауылдарындағы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ауданда жедел штаб құрылған. Аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев хабарлағандай, қазір алаңдауға еш негіз жоқ, аулаларда жиналып қалған сулар техниканың көмегімен сорып алынып, үйлердің айналасына бөгеттер салынған. 

Бөдан бөлек, Ақтөбе-Атырау тас жолының 341 шақырымындағы Сағыз ауылынан бір шақырымда орналасқан айналма жолдағы көпірдің жайы да назар аудартқан. Ақтөбе облысынан бастау алып, Сағыз аулының ішінен өтіп, Қоңырсай өзеніне құйылатын Ноғайты өзенінің деңгейі толассыз жауған нөсер жауын салдарынан нормадан артық көтерілген. Бұл жерде "ҚазАвтоЖол" мекемесінің мердігер компаниясы "Шанхай Констракшн Групп КОО ЛТД" ЖШС-нен 3 самосвал, 2 тиегіш көлік, 1 экскаватор техникаларымен уақытша салынған айналма көпірге 100 тонна топырақ және 160 тонна қиыршық құм төгіп, көпірдің екі жағын бөгеп тастады. 

"Қазіргі уақытта су деңгейі түсіп, қауіп сейілді. Бұзылған көпірді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлайды Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу