Атырау облысы өзге аймақтардан дәрігер-маман тартуды жоспарлап отыр

743

Атырау облысы өзге аймақтардан дәрігер-маман тартуды жоспарлап отыр

Атырау облысы өзге аймақтардан дәрігер-маман тартуды жоспарлап отыр. Мұндай ұсынысты Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жасады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Бұл жауапты тұлғалардың өз міндетіне көз жұма қарауының салдары. Біздің емханаларда барлығы дерлік жаңа жабдықтармен жабдықталған, алайда жұмыс сапасы жақсарар емес. Туындаған мәселенің себебін іздеген кезде барлығы бір-біріне қарайды, сол немесе басқа мәселені ешкім жауапкершілігіне алғысы келмейді. Мұндай жағдайда түбегейлі шаралар қабылдап, облысымызда денсаулық сақтау жүйесін өзгертуге мәжбүрміз. Осыған орай басқа аймақтардан маман шақырсақ, мұндағы бірқатар мәселені шешу, әрбір науқаспен өзгеше байланыс орнату мүмкін болар. Республикамыздың оңтүстігінен немесе солтүстігінен маман келгенде оларды жылы қарсы алу керек. Біз бір елдің азаматтарымыз, егер біздің облысымызда денсаулық сақтау саласында маман жетіспесе, демек басқа аймақтардан шақыртамыз", – дейді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу