Атырау облысы "сары аймаққа" енді

1196

Өткен тәулікте  Атырауда коронавирус инфекциясынан 200 адам  емделіп шықты

Атырау облысы "сары аймаққа"  енді

"Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 312 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  77  науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 32 адам ем қабылдауда" ,  - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырау облысында өткен тәулікте 31  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 17 жұмысшыдан, Құрманғазы-3, Мақат-1, Жылыой ауданында 1  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында  ауру симптомды түрде өтуде.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы "сары аймаққа"  енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу