Атырау облысы – "сары аймақта"

1180

Соған байланысты кезекші сыныптар жұмысын бастады.

Атырау облысы – "сары аймақта"

Атырау облысы эпидемиологиялық ахуалдың беті бері қарауы себепті "қызыл аймақтан" "сары аймаққа" өтті. Бүгін облыстың көптеген мектептерінде оқушы саны 15-тен аспайтын кезекші сыныптар ашылды. Облыстың бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 1 ақпан күнгі сағат 00:00-ден бастап күшіне енген қаулысына сәйкес, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптарда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін ата-аналардың өтініші негізінде кезекші сыныптар жасақталған. Сол сияқты, 9-11 бітіруші сыныптар аптаның алты күнінде пәнедердің 70 пайызын дәстүрлі форматта, 30 пайызын онлайн режимде оқи алады. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) І курс студенттері мен жоғары оқу орындарының  І курс  студенттерін  штаттық режимде оқытуға рұқсат етілді. 

Жаңа өзгеріс жөнінде аяқ астынан хабарланғандықтан, көптеген мектептерде оқушыларға бірыңғай мектеп формасын алғанша күнделікті киіммен киюге рұқсат етілген. Айта кетейік, елдің бірқатар аймағында мектептер мен оқу орындарында оффлайн үлгідегі сабақ қаңтар айында басталып кетті. Мұнайлы өңір "қызы аймақта" тұрғандықтан ондай тәуекелден бас тартқан. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу