Атырау облысы: шекарадағы өрт әлі өшкен жоқ

865

Жанып жатқан 550 гектардың 490-ы сөндірілген.

Атырау облысы: шекарадағы өрт әлі өшкен жоқ

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты аумақта теңіз өртінің жанып жатқанына бір аптадан астам уақыт өтті. Тілсіз жау әлі сөндіріліп жатыр, сол себепті одан қоршаған ортаға келтірілген залал әзірге анықталмаған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан 60 шақырым жердегі батпақты жердегі қамыстың өртенуі 5 тамыз күні тіркелген еді. Содан бері ол бір өшіп, бір жанып, әлі бой бермей жатыр. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, өрттің жалпы ауданы 550 га құрайды. Қазіргі уақытта оның 490 гектары өшірілген, тағы 15 га жердегі жалын өздігінен жойылыпты.   

"2021 жылғы 13 қазан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ, аумақта ашық отпен жанып жатырған жерлер анықталған жоқ. Өртті жоюға Атырау облысы ТЖД жеке құрамының 31 адамы, 5 бірлік техникасы, 4 мотопомпа, 1 генератор, 40 жеңдер, 1 үрлемелі шатыры жұмылдырылды", – деп мәлімдейді облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Аталған аумақ Атырау облысы мен Ресей Федерациясы шекарасында орналасқандықтан, оның зардабын көрші елдегі жақын орналасқан аудандар да көрген. Өрттің бастапқы кезінде шекаралас Астрахан, Волгоград, басқа да бірнеше аудан тұрғындары жел айдап әкелген ыстың исінен терезелерін жауып ұстауға мәжбүр болған. Тиесілі органдар ұзаққа созылған өрттен ол жердегі жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қаншалықты зиян келгенін ол толықтай өшірілгеннен кейін ғана анықтамақ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу