Атырау облысы су тасқыны қаупі бар өңірлер тізімінде тұр

851

Атырау облысы су тасқыны қаупі бар өңірлер тізіміне енді. Осы жағдайға байланысты Төтенше жағдай министрлігі түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.  

Атырау облысы су тасқыны қаупі бар өңірлер тізімінде тұр Фото: atr.kz

Министрліктің хабарлауынша, өңір Қазгидрометтің ұсынымдары бойынша су тасқыны қаупі бар өңірлер тізіміне енгізілген. Бұл өңірдегі негізгі қауіп Жайық өзенінің және жаңбыр суының тасуы болуы мүмкін.

"Жайық өзені ағынының 80%-ы Ресей Федерациясының аумағында қалыптасады. Ол су тасқыны кезінде қар мен жаңбыр суының еруі есебінен толады, сондай-ақ Ирикла су қоймасының жұмыс режимдерімен анықталады. Топырақтың ылғалдану және қату тереңдігі, осы аймақтағы  жауын-шашынның нормадан жоғары болуы факторларын да ескеру қажет. Бұдан бөлек  Атырау облысының аумағы жаңбыр суының тасуына бейім. Мысалы, 2022 жылғы 8 мамырға қараған түні мен 10 мамыр аралығында нөсер жауын салдарынан облыс аумағында тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу жағдайлары тіркелді", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

ТЖМ мәліметінше, жаңбыр суы басуының негізгі себептеріне мыналар жатады:

  • соңғы айларда жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жер асты суларының деңгейінің көтерілуі;
  • еркін фильтрацияға және инфильтрацияға кедергі келтіретін топырақтың сазды құрамы мен тұздануы;
  • жерүсті ағындары мен жерасты суларының ағуына кедергі келтіретін тегіс рельеф.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу