Атырау облысы жобаны іске асырудан бас тартты – Қайырбек Өскенбаев

766

25 700 отбасы кредиттік тұрғын үймен қамтылады.  

Атырау облысы жобаны іске асырудан бас тартты – Қайырбек Өскенбаев

Кредиттік тұрғын үй құрылысына соңғы 3 жылда 207 млрд теңге жұмсалды. 
Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. 

"Осы қаражат әкімдіктерде револьверлік негізде айналымда, соның ішінде жыл сайын шамамен 101 млрд теңге тұрғын үйді іске қосуды қамтамасыз етеді", – деді бірінші вице-министр.

Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, Ұлттық банк дағдарыс кезінде құрылыс саласын қолдау және халықты жұмыспен қамту үшін 180 млрд теңге қосымша қаражат бөлген. 

"Осы қаржыны алу үшін әкімдіктер облигация шығаруға дайындалып жатыр.
Облигация шығару 7 сәуірге жоспарланған. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Түркістан, ШҚО облыстары облигацияларды сатып алуға дайын. Қалған 8 өңір ұйымдастыру шараларымен айналысып жатыр.  Осы жұмысты Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің тездетуін сұраймын. Атырау облысы жобаны іске асырудан бас тартты", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның сөзінше, алдағы уақытта 25 700 отбасы кредиттік тұрғын үймен қамтылады.  

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу