Атырау облысына 8,7 трлн теңге жеке инвестиция тартылады

1111

Үкімет қабылдаған Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру үшін алдағы 5 жылда құны 9,5 трлн теңгені құрайтын 198 іс-шара ұйымдастырылады.  

Атырау облысына 8,7 трлн теңге жеке инвестиция тартылады

Қомақты қаржының 90%-ын немесе 8,7 трлн теңге жеке инвестиция құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.

"Бұдан бөлек өңір экономикасын одан әрі дамытуға және әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға республикалық бюджеттен 671 млрд, жергілікті бюджеттен 108 млрд теңге бөлінеді", – деді Атырау облысының әкімі. 

Оның сөзінше, 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемі 28%-ға немесе 60 млн тоннаға дейін ұлғаяды. 

"Теңіз" кен орнынан мұнай өндіру көлемін жылына 12 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. "Қашаған" кен орнынан мұнай өндіру көлемін жылына 2 млн тоннаға арттыруды көздеп отырмыз. Мұнай-газ химиясы саласын дамыту мақсатында жалпы құны 6,1 трлн теңгені құрайтын 4 жаңа жоба жүзеге асырылады", – деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу