Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірге қаңтар айына 7110 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, облыста 105 автогаз құю станциясы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жеткілікті қор қалыптастырылғандықтан, газ тапшылығы күтілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу