Атырау облысына шетелден 179 қазақ отбасы көшіп келді

990

Олардың басым бөлігі Өзбекстанда тұрған.

Атырау облысына шетелден 179 қазақ отбасы көшіп келді

Биыл Атырау облысына 179 этникалық қазақ отбасы көшіп келген. Оның ішінде басым көпшілігі Өзбекстаннан келген қандастар, деп жазды inbusiness.kz.

Мұнайлы өңірге қоныс аударған қандастарымыздың жалпы саны 254 адам құрайды екен. Оның ішінде, Өзбекстан Республикасынан 232 адам, Қытай Халық Республикасынан 19 және Ресей Федерациясынан 3 адам көшіп келген. 

"Елге оралған қандастардың 180-і еңбекке қабілетті жаста, 35-і мектепке дейінгі балалар. Ал мектеп жасындағы балалар саны 33, зейнеткер саны алты", – дейді облыстық жұмыспен қамту басқармасынан. 

Туған жеріне оралғандар облыс аумағына, Атырау қаласы мен Исатай, Жылыой, Мақат аудандарына қоныстанған. Қазіргі күні олар қандас мәртебесін алған. 

Елімізде 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 14 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін иеленіпті. Жалпы алғанда 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 84,7 мың этникалық қазақ оралған. Ал биыл қоныс аударған қандастардың 76,3 пайызы Өзбекстаннан келіпті.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу