Атырау облысынан Қостанайға 30 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

840

Қостанайлықтарға көмек көрсету үшін Атырау облысы бойынша арнайы чат ашылған. Чатқа қосылған азаматтар ақшалай және заттай көмек көрсетуге дайын екенін жазуда.

Атырау облысынан Қостанайға 30 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Дала өртінен зардап көрген Қостанай облысының тұрғындарына атыраулықтар 30 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасы бойынша Атырау қаласы мен аудандарда арнайы штабтар құрылған.

"Штаб өкілдері бүгін таңғы сағат 9:00-ден бастап азық-түлік, киім-кешек, жеке гигиеналық құралдар мен төсек-жабдық жинап, көліктерге тиеп жіберді", – деп жазылған хабарламада.  

Қайырымдылық шарасына тұрғындар, әкімдік қызметкерлері мен мәслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер жасағы атсалысып жатыр.

"AMANAT" партиясының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Абдолла Идресовтің мәліметінше, бірінші қажеттіліктегі заттар салынған алғашқы 10 жүк көлігі жолға шықты. Қалғаны Қостанай облысына жақын уақытта жөнелтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу