Атырау облысында 10 тонна балық қырылды

1799

Келген шығын көлемі 4,2 миллион теңгені құрады.

Атырау облысында 10 тонна балық қырылды

Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 4 млн 200 мың теңгені құрады. Бұл ақпаратты орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары таратты. Ал өлген балықтардың жалпы салмағы 10 тоннаға жеткен.

Әкімдік өклідерінің айтуынша, қазіргі таңда осы жайтқа байланысты екі бірдей сот алды тергеуі баталған. Сондай-ақ Жайық өзенінің әр аумағына 69 сынама алынып зерттеуден өткізілген. Алайда ешқандай талаптардың бұзылуы анықталмады. Одан бөлек Атырау су арнасы және Атыру жылу қазандығынан алынған сынамалар зертханаларға жіберілді. Бірақ адамдардың денсаулығына зиян келетіндей көрсеткіштер жоқ дейді жергілікті билік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу