Атырау облысында 100 мың тұрғынның сақтандыру мәртебесі жоқ

313

Өңірде МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны 6 мың адамға қысқарды.  

Атырау облысында 100 мың тұрғынның сақтандыру мәртебесі жоқ Фото: gov.kz

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев төрағалығымен өткен МӘМС жөніндегі штаб отырысында айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта аймақта шамамен 100 мың азамат әлі де сақтандырылмаған. Сол себепті әкімдіктер мен округ әкімдеріне ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын күшейту, әрбір азаматты есепке алу тапсырылды.

–"D" және "Е" санатындағы азаматтарды азайту жұмыстары жалғасады. Арнайы кесте бекітіліп, жеке кәсіпкерлер, жастар, жұмысшылар және дербес төлеушілер кезең-кезеңімен МӘМС жүйесіне тартылуы тиіс. Егер бұл жұмыс уақытында жүргізілмесе, 17 мыңнан астам адам үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлу қажет болады, бұл қаражат бір мектеп салуға жететін қаражат, – деп мәлімдеді Ж.Бисембиев. 

Сонымен қатар, облыс тұрғындарының медициналық қызмет сапасына шағымдары азайған, дегенмен жыл басынан бері 390 шағым тіркелді. Негізгі мәселелер – консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілмеуі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеу және қызмет сапасының төмендігі.

Мұндай мәселелерді шешу үшін медициналық ұйымдарға қызмет сапасын арттыру, пациенттердің құқықтарын сақтау және халықпен ақпараттық жұмысты күшейту тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу