Атырау облысында 11 айда 3 109 адам қызылша жұқтырған

572

Бұл туралы Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында 11 айда 3 109 адам қызылша жұқтырған Фото: canva.com

"Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз – 2 ақпан аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 8 816 жағдай тіркелді. Зертханалық жолмен 3 109 жағдайда қызылша ауруы дәлелденді. Қазір 1 639 талдаудың зертханалық қорытындысы әлі анықталмады. Атырау облысына Түркиядан – 3, Тәжікстаннан – 2, Біріккен Араб Әмірлігінен 1 адам қызылшаны жұқтырып келген. Ал, Алматы қаласынан – 1, Астана қаласынан – 1, Түркістан облысынан – 1,Ақтөбе облысынан келген 6 адамнан қызылшаны ауруы анықталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қызылшаны жұқтыру дерегі Атырау қаласы мен 7 ауданда да тіркеліп отыр. Мәселен, Атырау қаласында 2 637 адам қызылшамен ауырған. Ал, Жылыой ауданында 123, Мақатта 79, Исатайда 65, Құрманғазыда 62, Махамбетте 57, Қызылқоғада 48, Индер ауданында 38 адамнан қызылша анықталған.

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында 2019 жылы қызылша ауруының 774 дерегі тіркелген. Ал, 2021-2022 жылдары бұл ауру тіркелген жоқ. Былтырғы 2 наурызда Түркиядан келген азаматтың баласы қызылшаны жұқтырып келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу