Бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру қайта өршігенін жазған едік. Қазір коронавируспен ауырған 8 науқастың жағдайы ауыр. Науқастың бірі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
"Өңірде коронавирус инфекциясының жұқтыру дерегінің күрт өсуіне байланысты ақпараттық түсіндіру жұмысы жанданды. Дәрігерлер тұрғындарға вакцина салдыру мен ревакциналаудың маңызы туралы кеңінен түсіндіріп жатыр. Былтырғы 23 қарашада басталған ревакциналау қарқын алды. Ревакциналауды бірінші кезекте дәрігерлер мен полицейлер, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ студенттер мен созылмалы сырқаты бар пациенттер алады. Олардың жалпы саны – 50 мың адам. Осы кезге дейін осындай сегіз санатқа енгендердің арасынан 11 123 адам қайта вакциналаудан өтті", – деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.