Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жаз басталғалы 13 дала өрті тіркеліп, жалпы аумағы 131299 га жер өртке оранған, деп хабарлайды azh.kz.
Қызылқоға ауданында 8 дала өрті оқиғасынан 95879 га жер, Индер ауданында 3 дала өртінен 24265 га жер бүлінген, Исатай ауданы (11000 га) мен Жылыой ауданында (155 га) бір бірден өрт оқиғасы орын алған. Мамандар дала өртінің көбеюін ауа-райы температурасының 43 градусқа дейін көтерілуімен байланыстырып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу