Оқиға бүгін Атырау облысының Мақат ауданында болған. 4 жүк вагоны рельстен шығып кетіп, оның 2-еуі аударылып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Мақат ауданында 4 вагоны рельстен шығып, оның екеуі аударылған. Соның салдарынан вагондағы күкірт жерге шашылды. Қазір жауапты мамандарға вагондарды көтеріп, қалпына келтіруге тапсырма берілген. Атырау облыстық экология департаментінің мамандары сынама алу үшін оқиға орнына аттанып кетті, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу