Атырау облысында 200-ге жуық адам қызылша жұқтырған

1257

Қазіргі таңда ауруханада 30 бала жатыр. Өзгелері үйде ем қабылдауда.

Атырау облысында 200-ге жуық адам қызылша жұқтырған

Мамандардың айтуынша, облыс бойынша 6 жасқа дейінгі 4 мыңнан астам бала, отыз жасқа дейінгі 8 мың адам аталған дертке қарсы екпе алудан бас тартқан. Соның салдарынан қазір, қызылшамен ауру бойынша Атырау Астана мен Алматы қалаларынан кейін үшінші орында тұр, деп хабарлайды КТК.

Дәрігерлердің айтуынша, қызылшамен ауырған балалардың 90% -ы егу жасына жетпеген көрінеді. Сондай-ақ, талдау жұмыстарын жүргізген олар тұрғындардың көпшілігінің екпеден діни көзқарастарына байланысты вакцина алмағандарын анықтаған.

"Қызылшаның алдын-алу бойынша біздің қызметкерлеріміз мектептер мен балабақшаларда жиналыс өткізу жұмыстарын барынша жүргізуде. Қазіргі кезде ауру әрі қарай таралмас үшін қызылша шыққан ошақтарда, үйде емделіп жатқан науқастармен эпидемиологтер, инфекционист және учаскелік дәрігерлер жұмыс жасауда", – дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлнәфис Таңбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу