Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4-5 қыркүйекте 1 891 адам вакцина ектірген.
"Биылғы 1 ақпан мен 5 қыркүйек аралығында 201 618 атыраулық тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырды. Вакциналардың ІІ компонентін алғандардың саны 149 238 адамға жетті" -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау обблысында вакцинаның екі компонентін салдырғандар 139 мыңнан асқанын хабарлаған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу