Атырау облысында 22 аурухананың 14 ғана қалады

1122

Атырау облысында 22 аурухананың 14 ғана қалады

2025 жылға дейін Атырау облысындағы 22 ауруханадан 14 аурухана қалдырылады. Бұл біріктіру жұмыстары денсаулық сақтау ұйымдарының бірыңғай перспективалық жобасы аясында жүзеге асады, деп хабарлайды atpress.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева осылай деді. Перспективалық жоба бойынша аймақтағы 22 ауруханадан (онкология, тері-венерология, наркология, кардио-орталық, перинаталды орталық, қалалық перзентхананы көп бейінді ауруханаға біріктіру және 2 селолық аурухананы дәрігерлік амбулаторияға алмастыру арқылы) 14 аурухана қалдыру жоспарланған. Нәтижесінде 2 көп бейінді аурухана мен көп бейінді балалар ауруханасы құрылады, наркологиялық диспансер облыстық психикалық денсаулық орталығының құрамына енеді. 

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында Өркен ықшам ауданынан емхана салу және 5 дәрігерлік амбулатория құрылысы, Атырау қаласында оңалту орталығы, медицина колледжінің студенттеріне арналған 200 орындық жатақхана салу – кезек күттірмес мәселе болып тұрғаны айтылды. "Бұл жұмыстарды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асыру жоспарланған", - деп атап өтті салалық басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу