Атырау облысында 2253 әйел түсік жасатқан

488

Аталған облыста соңғы үш жылда түсік жасатқан әйелдер саны артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Атырау облысында 2253 әйел түсік жасатқан Фото: inbusiness.kz

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қазбек Ермағамбетовтің айтуынша, бұған әлеуметтік және денсаулықтағы кінәрат себеп болуы мүмкін. Некесіз жүктілік те осында қадамға баруға мәжбүр етеді.

"Мәселен, 2021 жылы – 1951, 2022 жылы – 1815, ал, былтыр 2253 әйел жасанды түсік жасатуға шешім қабылдады. Ал, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында түсік жасату дерегі 2,5 есеге азайды. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2021 жылы — 13, 2022 жылы — 14, өткен жылы 5 жасөспірім түсік жасатты", -дейді Қазбек Ермағамбетов.

Оның пікірінше, мектепте кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілікке қарсы түсіндіру жұмысының маңызы зор.

"Әйел үшін жүктілік, өмірге бала әкелу — үлкен оқиға. Сол себептен, біз қыздарымызды ерте жүктіліктен, түсік жасатудың ықтимал салдарынан қорғауымыз қажет. Өйткені, әйел түсік жасатқаннан кейін күйзеліске ұшырайды. Бұл демографияға кері әсер етеді", -дейді Қазбек Ермағамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын "Аңсаған сәби" бағдарламасымен биыл атыраулық аналарға 232 квота бөлінгені айтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу