Атырау облысында 30 гектар қамысты жер өртенді

713

Оқиға 26 наурызда Қиғаш өзенінің жағалауында болған.  

Атырау облысында 30 гектар қамысты жер өртенді Фото: gov.kz

Атырау облысында 30 гектар қамысты жер өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлағандай, өрт оқиғасы 26 наурызда сағат 16:55-те Бірлік ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Қиғаш өзенінің жағалауында болған.

"Қамыстың жанып жатқаны туралы шақырту түсе салысымен, өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жетті. Белгілі болғандай, "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ аумағында қамыс жанып жатқан. Қамыс өрт жалпы ауданы 30 га тараған. Оның ішінде ТЖД қызметкерлері мен "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ күштері 21га көлеміндегі қамыс өртін сөндірді және 9 га өрт өздігінен өшкен. Өрт 21:30 сағатта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД,  "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ 31 қызметкері, 1 бірлік техникасы, 5 дана мотопомпасы, 4 бірлік қайығы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу