Атырау облысында 4 нысан Қазақстанның киелі орындарының қатарына енді

2042

Атырау облысында 4 нысан Қазақстанның киелі орындарының қатарына енді

28 мамыр күні облыс əкімінің орынбасары Ə.Наутиевтің төрағалығымен "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті,- деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі. 
Жобаны жүзеге асырудағы басты қағидалардың бірі – Қазақстанның киелі нысандарын жүйелеу, материалдар жинау, кең көлемді кешенді зерттеу жүргізу. 
Жұмыс тобының құрамына өлкетанушылар, тарихшылар, облыстық музей, мұрағат, кітапхана, тарихи-мəдени мұраларды қорғау инспекциясы басшылары енді. Мəжіліс барысында "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" жобасының бастапқы тізіміне енген 13 тарихи-мəдени нысан бекітілді. Оның 3-еуі археологиялық жəне сəулет ескерткіштері, 9-ы діни орындар, біреуі тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты нысан. 
4 нысан Қазақстанның киелі орындарының қатарына енді, олар – Сарайшық қалашығы, Ақмешіт  қорымы, Ұшқан ата мавзолейі, Махамбет Өтемісұлының кесенесі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу