Атырау облысында 400 көшеге асфальт төселеді

625

Атырау облысында 400 көшеге асфальт төселеді

2017 жылы Атырау облысында 333 шақырым 402 көшеге асфальт төселеді, оның 311-і және 250 шақырымы облыс орталығында, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, 2017 жылы 60,7 мың шаршы метр жол жабындысын жөндеуге жұмсалады.

Айта кетейік, 2016 жылы аймақта жалпы ұзындығы 167,5 км 277 көшеге асфальт төселді.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен құрылыс қарқыны жеделдетіледі.

"Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы билік органдарын халықтың өмірі мен әл-ауқатын жақсартуды міндеттеді. Жол – адам бұнымен күнделікті кездеседі. Мойындау керек, бұл мәселеде бізге әлі де көп жұмыс істеуіміз керек. Әсіресе қала маңындағы ауылдық округтерде", - дейді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, облыс басшылығы бюджет қаржысын тиімді әрі орынды жұмсауын бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу