Атырау облысында 41 адам қызылша ауруын жұқтырған

1234

 Төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Атырау облысында 41 адам қызылша ауруын жұқтырған

Атырау облысында 41 адам қызылша ауруын жұқтырып, төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды inform.kz.

"Қазіргі уақытта облыс бойынша қызылшамен ауырғандар саны 41 адамға жетті. Ауру жұқтырғандар саны апта бойына өсті. 8 қаңтар күні олардың саны небәрі 11 ғана болған еді. Ауыру жұқтырғандардың ішінде төртеуінің жағдайы нащар, олар жан сақтау бөлімінде жатыр. Соңғы екі жылда облыста қызылша аурумен ауырғандар тіркелмеген. 2016 жылы үш оқиға болды. ол 2015 жылы 91 адам ауырғаннан кейін болған жағдай", — деді департаменттің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Айнагүл Сәрсенғалиева.   

Оның айтуынша, барлық ауырғандар, екпе жасамаған балалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу