Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 наурызда Құрманғазы ауданы ПБ-ның қызметкерлері 1980 жылы туған аудан тұрғынының басқаруындағы Газель автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 417 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықты тәркілеген.
Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының ПБ ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Өзге де ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу