Атырау облысында 52 миллион теңгенің мұнайы ұрланған

864

Атырау облысында 52 миллион теңгенің мұнайы ұрланған

Атырау облысында биыл 14 мұнай ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ақпарат Атырау облыстық прокуратурасында өңірдегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде айтылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы мұнай және мұнай өнімдерін жымқыру, сондай-ақ оларды заңсыз сақтау, тасымалдау және сатумен байланысты 35 қылмыс тіркелген. Оның 18-і сотқа жолданған. Биыл 6 айдың ішінде осы санаттағы қылмыстардың 14 фактісі тіркеліп, оның бесеуі сотқа жолданған.

Анықталған қылмыстар бойынша 52 миллион теңге залал келтірілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу