Атырау облысында 6 жыл бұрын басталған 26 шақырым жолды жөндеу жұмысы әлі бітпеген

357

Жолдың жыры өашан бітеді?

Атырау облысында 6 жыл бұрын басталған 26 шақырым жолды жөндеу жұмысы әлі бітпеген Фото: syrboyi.kz

Атырау облысында 2018 жылы басталған жолдың құрылысы әлі сағызша созылып келед.  Жөндеуі керек жолдың ұзындығы 26 шақырым. Алайда, аталған жолды жөндеу жұмысы әлі бітпей тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қала мен аудандарда салынып жатқан жолдың сапасына үнемі бақылау жүргізіп келеді.

"Жақында департамент басшылары Құрманғазы ауданындағы автомобиль жолының жөндеу барысына мониторинг жүргізді. Мәселен, 2018 жылы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын "Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяев" автомобиль жолын күрделі жөндеу басталған. Шарт сомасы – 4,2 млрд теңге. Мердігерлікке "Бекет Сат Жол" ЖШС таңдалған. Тапсырысты облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген. Мониторинг кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмейтіні, жол жабынының жоғарғы қабаты төселмегені, күрделі жөндеу осы күнге дейін аяқталмағаны анықталды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мердігер компания мұның себебін құрылыс материалдарының қымбаттауы және пандемиямен байланыстырған. Осыған байланысты сметалық құжаттамаға бұрын көзделмеген жұмыстарды қосып, қосымша келісім жасасу жоспарланып отыр.

"Былтыр "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК-ның Атырау филиалы тексеру жүргізіп, асфальтбетон жамылғысынан ұсақ түйірлі қиыршықтастың бөлінуі түріндегі елеулі ақауды анықтаған болатын. Мердігер бұл ақауды бүгінгі күнге дейін қалпына келтірмеді. Ал, соңғы мониторингте жол жабынының шөгуі анықталды", – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты тапсырыс берушіге ескерту жасалған. Ал, анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт беріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу