Атырау облысында 61 жастағы монтер көз жұмды

Оны жұмыс жұмыс барысында ток соққан. 

Атырау облысында 61 жастағы монтер көз жұмды Фото: google

Атырау облысында 61 жастағы монтер мерт болды. Оны жұмыс барысында тоқ соққан.

Қайғылы жағдай 21 маусым Атырау облысындағы Мақат кентінде орын алған.

"Атырау-Жарық" АҚ-ның баспасөз қызметінен мәліметінше, Мақат кентіндегі Алаш көшесінде орналасқан КТПГ-04/6кВ жабдығын профилактикалық сынау-тексеру жүргізілген.

"Сол кезде электр монтерді РУ-6 кВ жоғары кернеулі желісінен ток соққан. Монтердің электр қауіпсіздігі бойынша IV разрядты рұқсат құжаты болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда монтер оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Аталған дерекке орай сотқа дейінгі тергеу басталды.

Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бабы бойынша қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу