Атырау облысында 64 млн теңгенің балығы табылды

422

Браконьерлер оны қамыс арасына жасырып кеткен

Атырау облысында 64 млн теңгенің балығы табылды Фото: polisia.kz

 

Атырау облысы Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасында қамыс арасына жасырылған 62,2 келі бекіре табылды. Балық қорына 64 млн 377 мың теңгенің залалы келген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, бекіре тұқымдас бағалы балық бүгін, 19 мамырда сағат 11:00-де табылған.

"Еліміздің батыс өңіріндегі үш облыстың су айдындарында "Бекіре – 2023" кең ауқымды балық қорғау акциясы өткізіліп жатыр. Аталған акция аясында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы мен Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Жайық өзенінің Каспий теңізіне құятын сағасында рейд шараларын өткізді. Рейд кезінде Жайық өзенінің жағалауындағы қамыс арасынан 62,2 келі бекіре табылды. Браконьерлер бекірені 3 қапқа салып жасырған", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілерімен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Алдын ала мәліметке сәйкес балық ресурстарына келтірілген залал мөлшері 64 млн 377 мың теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу