Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің басшысы Ермек Шмалиевтің айтуынша, індет басталғалы бері облыста 643 мың ПТР-зерттеу жүргізілді. Салыстырмалы түрде алсақ, өңірдегі халық саны – 655957.
"Еліміздегі жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша бұл – ең жоғарғы көрсеткіш. Қаңтар айындағы орташа тәуліктік зерттеу – 3856 тестті құрайды.
Биылғы жылдың қаңтар айында жүргізілген ПТР-зерттеулер саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 29 пайызға артып отыр", - деді бөлім басшысы Ермек Шмалиев.