Атырау облысында 80-нен аса мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

537

Өңірде кейбір мектеп басшылары үстеме жалақы алып отырған.

Атырау облысында 80-нен аса мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген Фото: inbusiness.kz

Атырау облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 51 қызметкері мен орта білім беру ұйымдарының 30 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл туралы Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады, деп жазады  inbusiness.kz.

Сондай-ақ, өңірде кейбір мектеп басшыларының үстеме жалақы алуы, бір адамның бірнеше мекемеде заңсыз жұмыс істеуі анықталған.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында Департаментпен көптеген сыбайлас жемқорлық істері анықталды. Мысалы, мектептерде "өлі жандардың" болуы, қызметкерлер мен оқушылар саны бірдей мектептерді әртүрлі қаржыландыру, бір адамның бір уақытта 4-5 мекемеде жұмыс істеуі, кейбір білім беру ұйымдарының басшылары лауазымдық жалақыларынан басқа үстеме жалақы алып отыруы және т.б", деді Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов.

Аталған заңсыз әрекеттерді жою үшін облыстық білім басқармасына Департамент әзірлеген 26 ұсыныс жолданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу