Атырау облысында 83 млн теңге субсидия заңсыз берілген

1090

Кәсіпкер қаражатты бір ай ішінде қайтаруға тиіс.

Атырау облысында 83 млн теңге субсидия заңсыз берілген Фото: inbusiness.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданында 83 млн теңге субсидия заңсыз берілген. Оны бройлер балапандарын өсіретін кооператив иеленіпті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Бұл жөнінде Құрманғазы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі мен маманының тәртіптік ісі қаралған әдеп кеңесінің отырысында белгілі болған.

Судсидия талап бойынша қуаттылығы кем дегенде 5000 тоннадан асатын шаруашылықтарға берілуі тиіс. Ал "Бұйырғын" кооперативінің қуаттылығы – жылына 1000 тонна құрайды. Бірақ бұл мәлімет құжаттарда бұрмаланып кеткен. 
Қазіргі күні прокуратура кәсіпкерге қазынадан заңсыз алған қаржыны қайтару жөнінде ұйғарым шығарған. Ол үшін бір ай уақыт беріліп отыр. Сол сияқты, ауданның заңсыздыққа жол берген екі қызметкеріне сөгіс жариялау туралы ұсыныс берілген.

"Тексеру органдарының тарапынан бұл жерде сыбайластық дерегінің болғаны анықталмады. Аталған бөлім басшысы мен маманның жұмыс барысында кейбір салғырттықтарға жол бергені байқалды. Мәселен, олар кей мәліметтерді тиісті басқармалардан сұрап, анықтап алуы керек еді", - дейді облыстық мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Аманжол Қаженбаев. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу