Атырау облысында 900-ден астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

597

Атырау облысында 900-ден астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Атырау облысында 900-ден астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған Фото: egemen.kz

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.

"Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат – көші-қон заңдылығын бұзған, Қазақстан Республикасының аумағынан өз еркімен шығып кету туралы сот қаулыларын орындамаған шетелдіктерді анықтау. Мемлекет заңдылығының талабын орындамаған шетелдіктерді мәжбүрлі түрде елден шығару. Облыс полицейлері іс-шара кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 900-ден астам шетелдікті анықтады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

583 шетелдік еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 3, 4, 5, 6 және 7-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылған. Ал, шетелдің 31 азаматына аталған құжаттың 519-бабымен, 372 заңсыз "қонаққа" 518-бабымен әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзған 31 шетелдік азаматтық іс жүргізу және әкімшілік тәртібімен ел аумағынан шығарылған. Ал, жеке басын анықтайтын құжаттардың болмауына байланысты Өзбекстан Республикасының 91 азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу